БҚО-да аурухананы өртеп жіберген ер адам ұсталды

0
650

42 жастағы науқас өрт басталған кезде аурухананың екінші қабатынан секіріп кеткен.


БҚО-да аурухананы өртеп жіберген ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Тасқалы орталық аудандық ауруханада өрт болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өрт жайлы хабар кеше, 17 ақпанда сағат 05.41-де келіп түскен.

"Матрастар мен кереуеттер өртенген, өрттің аумағы - 15 шаршы метр. Медициналық мекемеден 28 адам эвакуацияланды. Өрт сөндірушілер екі адамды құтқарып қалды", - деді БҚО ТЖД бас маманы Мұрат Бисембаев.

Алдын ала нұсқа бойынша, 42 жастағы науқас өрт шығарған. Ол өрт басталған кезде аурухананың екінші қабатынан секіріп кеткен.


"Күдікті 18 ақпанда түнгі уақытта ұсталды. Қазіргі уақытта ол психикалық денсаулық орталығына орналастырылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полицейлер.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр