БҚО-да автокөлік жылқыларға соқтығысып, үш адам жарақат алды (видео)

0
696

Салдарынан 1957 жылғы екі және 1960 жылғы әйел адамдар түрлі жарақат алды.


БҚО-да автокөлік жылқыларға соқтығысып, үш адам жарақат алды (видео)

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында автокөлік жылқыларға соқтығысып, үш адам жарақат алды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 19.50 шамасында Ақсай-Бөрлі жолының 10-шақырымында болған.

1958 жылғы ер адам айдаған Митсубиси автокөлігі үш жылқыға соқтығысқан.

Соның салдарынан 1957 жылғы екі және 1960 жылғы әйел адамдар түрлі жарақат алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, ауруханаға жарақат алғандар басқа көлікпен өздері келген.

Бұғанасы сынған 1957 және 1960 жылғы әйел амбулаторлық ем алуға жіберілді. Кеуде тұсына зақым келген 1957 жылғы тағы бір әйел дәрігердің бақылауына қалдырылды.

Еске сала кетейік, бұл өңірдегі биылғы бірінші оқиға емес. Бұдан бұрын автокөліктің жылқымен соқтығысып, екі адамның ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.