БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді

0
909

Қыз бала атасының үйіне Ресейден қонаққа келген екен.


БҚО-да бес жасар қызды ит талап өлтірді

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Трекин ауылында бес жасар қыз баланы ит талап өлтірді. Қайғылы оқиға 9 шілде күні болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қыз бала атасының үйіне қонаққа Ресейден келген екен.

«Кішкентай қыз кешкі уақытта атасымен бірге шөп шабуға барғысы келген. Алайда көп ұзамай қайғылы оқиға болған. Ересектер жұмыс істеп жүргенде бала байлаулы тұрған итке қарай жүгіріп кеткен. Қабаған ит баланы сол жерде талап тастаған. Қыз баланы құтқару мүмкін болмады, иттің тісі оның мойнын жаралап, күретамырын қиып жіберген. Иттің қожайыны – мерт болған қыздың атасы», - дейді Трекин ауылының тұрғындары.

Трекин ауылының әкімі Мәлік Сейтов бұл ақпаратты нақтылап берді.

«Учаскелік дәрігерге шақырту сағат 17.30 шамасында түсті. Қыз бала алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Ол небәрі 5 жаста болған. Ит үлкен емес. Сондай қайғылы жағдай... Бүкіл ауыл болып қайғырып қалды. Бәрі барып көңіл айтып жатыр», - деді ауыл әкімі.

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі кішкентай қыздың мойны мен желке тұсындағы ит тісінің ізінен оқиға орнында көз жұмғанын түсіндірді.