БҚО-да дән тиелген бес вагон аударылып қалды

0
673

Апаттың орын алуына байланысты жолаушылар және жүк пойыздары басқа жолмен қатынайтын болады.


БҚО-да дән тиелген бес вагон аударылып қалды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында дән тиелген бес вагон аударылып қалды, деп жазады ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 7 наурыз күні сағат 23.20-да Бөкей ордасы ауданы Сайқын стансысында болды.

«Ресей темір жолдары» ААҚ Приволжье темір жолы филиалының 1219-шақырымында Саратов-Астрахан бағытында қатынайтын №10518 жүк пойызының бес вагоны жолдан шығып кеткен.

Зардап шеккендер жоқ.

Апаттың орын алуына байланысты жолаушылар және жүк пойыздары басқа жолмен қатынайтын болады.

Апатты жоюға «Ресей темір жолдары» ААҚ күштері (36 қызметкер мен Палласов пен Басқұншақ стансаларынан 2 қалпына келтіру пойыздары келді) жұмылдырылды.

Оқиға орнына БҚО ТЖ департаменті (4 қызметкер, 1 техника), аудандық полиция бөлімі (6 қызметкер, 3 техника), жергілікті атқарушы органдар (5 қызметкер, 2 техника) барды.

Айта кетейік, Ресей темір жолы Сайқын стансысының үстімен өтеді.