БҚО-да ер адам өзімен бірге тұратын әйелді көсеумен ұрып өлтірді

0
504

Қылмыстық оқиға 29 қаңтарда болған.


БҚО-да ер адам өзімен бірге тұратын әйелді көсеумен ұрып өлтірді

ERNUR.KZ. БҚО-да ер адам өзімен бірге тұратын әйелді көсеумен ұрып өлтірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық оқиға 29 қаңтарда екеуінің түскі асынан кейін болған.

«1990 жылы туған ер адам бірге тұратын әйелмен жанжалдасып, 1982 жылы туған азаматшаның басына көсеумен бірнеше рет соққы жасаған. Әйел есін жимастан сол жерде көз жұмған», - деп хабарлады полиция.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды