БҚО-да мұзға жабысып қалған аққулар құтқарылды

0
694

Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалған.


БҚО-да мұзға жабысып қалған аққулар құтқарылды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында мұзға жабысып қалған аққулар құтқарылды, деп жазады Tengrinews.kz.

"2020 жылғы 18 қарашада Жәнібек ауылдық округі әкімінің орынбасарынан Жәнібек ауылының солтүстік-батыс жағындағы су қоймасының беткі жағында жабайы аққулардың қатып жатқаны жөнінде хабар түскен. Жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда құстар таңертеңгі уақытта мұзға жабысып қалғаны, алайда құстардың айналасындағы мұзды жарғанмен алып шыға алмаған. Құстар түнге қалса одан сайын тоңып, мұзға жабысып, өліп қалу қаупі болды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнына БҚО ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ #21 өрт сөндіру бекетінің құтқарушылары жедел жетіп, аққуларды құтқарды.

Қазіргі уақытта құстар Жәнібек ауылы тұрғынының жылы қорасына жеткізіліп, орналастырылды. Жабайы құстар - аққуларды көктемге дейін үй-жайға орналастыру мәселесі шешілетіні де хабарланып отыр.