БҚО-да шекара қызметкерлері мінген көлік жол апатына ұшырады

0
618

Апат салдарынан бір адам қаза тапты.


БҚО-да шекара қызметкерлері мінген көлік жол апатына ұшырады

ERNUR.KZ. БҚО шекара қызметінің қызметкерлері автокөлікпен асфальт төсейтін жылжымалы құралға келіп соғылған, деп жазады zakon.kz.

"Мой Город" порталының хабарлауынша, Audi-80 көлігінің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, 26 жастағы ер адам басқарған асфальт төсегіш - Super-1600-2-мен соқтығысқан.

Жеңіл көлік жүргізушісі жол апаты кезінде алкогольдік масаң күйде болған.

"Апат салдарынан Audi-80 көлігінің 25 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, көптеген дене жарақатымен автокөліктің жүргізушісі Бөкей ордасы аудандық ауруханасына жатқызылды", деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, яғни "Жол ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейінірек белгілі болғандай, көлікте ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері болған. Мұны Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлан Рахымжанов растады.

"Шынында да, көлікте ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері болғандығы туралы ақпарат бар. Алайда олардың мұнда не істеп жүргенін, қайдан келе жатқанын және апаттың қалай болғанын білмеймін. Шекарашылар бізге бағынбайды, ешқандай есеп бермейді", - деді аудан әкімі.