БҚО-да төрт балалы әйелдің жұмбақ өлімінің себебі белгілі болды

0
951

Әйел жүректің ишемиялық ауруымен ауырған.


БҚО-да төрт балалы әйелдің жұмбақ өлімінің себебі белгілі болды

ERNUR.KZ. 18 сәуірде Круглоозерное ауылының 39 жастағы тұрғыны Ольга Тощеваның орман алқабында өлі денесі табылды, деп жазады zakon.kz.

"Мой город" порталының хабарлауынша, әйелдің жұмбақ өлімі ауыл тұрғындары арасында әлі де талқылануда. Көршілері марқұм Ольга Тощеваны тек жақсы жағынан еске алады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі 18 сәуірде сағат 17: 00-де Серябряково ауылынан 7 шақырым жерде орманда зорлық-зомбылық белгілері жоқ әйелдің денесі табылғанын хабарлады. Өлімнің себебін анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберілді. Сондай-ақ, онымен соңғы рет байланыста болған 28 жастағы ер адам да анықталды.

22 сәуірде полиция бөлімшесі сараптама қорытындысын жариялап, әйелдің жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болғанын, оның жүректің ишемиялық ауруымен ауырғанын көрсеткенін хабарлады.