БҚО-да үй өртеніп, бір адам көз жұмды

0
645

Тұрғын үйде болған өрт аумағы 48 шаршы метрді қамтыды.


БҚО-да үй өртеніп, бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысында тұрғын үйде өрт болып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды ktk.kz.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін түнде сағат 01.27-де Теректі ауданы Покатилов ауылында орын алды. Абай көшесіндегі тұрғын үйде болған өрт аумағы 48 шаршы метрді қамтыды.

Оқиға орнынан 1975 жылғы әйелдің мүрдесі табылды. Өрт сөндіруге 4 адам 1 техникамен барды. «Тілсіз жау» сағат 02.42-де құрықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, үйдің иесі, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталу үстінде.