БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

0
520

«ВАЗ-2109» және «Лада Ларгус» автокөліктері соғысқан.


БҚО-да жол апатынан 2 адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

ERNUR.KZ. Жол-көлік оқиғасы Бөрлі-Пугачев жолы бойында, Пугачев ауылы маңында 19 қаңтар күні орын алған, деп хабарлайды ktk.kz.

«ВАЗ-2109» және «Лада Ларгус» автокөліктері соғысқан. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға орнына қос бірдей жедел жәрдем бригадасы жетті. Пугачев ауылынан да медицина қызметкері шықты. Екі ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Оған қоса 2001 және 2004 жылғы қыздар, 1996 жылғы жігіт пен 1988 жылғы ер адам түрлі жарақаттармен Бөрлі аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.