БҚО-да жұмысшылар жаппай уланған асханада тексеріс басталды

0
485

Тамақтан уаланған барлық науқастардың жағдайы орташа ауыр дәрежесінде.


БҚО-да жұмысшылар жаппай уланған асханада тексеріс басталды

ERNUR.KZ. Санитар дәрігерлер Батыс Қазақстан облысындағы мұнай-газ компаниясы қызметкерлерінің асханадан жаппай улану дерегін тексеруді бастады, деп хабарлайды Хабар24.

Ақ халаттылардың мәлімдеуінше, тамақтан уланғандардың алтауы аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Екеуі кейіннен жағдайына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылыпты. Бұдан бөлек, үш науқас амбулаторлық ем қабылдауда.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің айтуынша, барлық науқастардың жағдайы орташа ауыр дәрежесінде.