Әбілқасымова: Жеңіс күні ардагерлер жарты миллионға дейін ақша алады

0
2 629

Алда келе жатқан 9 мамырда ардагерлер түрлі сомада қаражат алатын болыпты, алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен қаржы көлемі жарты миллион теңге.


Әбілқасымова: Жеңіс күні ардагерлер жарты миллионға дейін ақша алады

Алда келе жатқан 9 мамырда ардагерлер түрлі сомада қаражат алатын болыпты, алайда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен қаржы көлемі жарты миллион теңге деп хабарлайды ERNUR.KZ Резонанс. кz ақпараттық-сараптамалық порталына сілтеме жасай отырып.

«Еліміздің әр өңірлерінде берілетін қаржы көлемі сол аймақтағы бюджетке және жергілікті мәслихатқа байланысты. Өйткені бұл шаруа жергілікті бюджет қаражатына негізделіп жасалады. Бірақ біз жарты миллион теңге беруге кеңес берер едік» - деді министр Мәдина Әбілқасымова журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуы бойынша елімізде екі мыңдай Ұлы Отан соғысы ардагерлері бар көрінеді. Сонымен қатар ол аталмыш мәселенің жай-жапсары жөнінде алдағы 5 мамыр күні болатын брифингте айтатын болды.