Блинкен Астанаға ұшып келді

0
579

Ұшақ Астанаға түнде қонды.


Блинкен Астанаға ұшып келді

ERNUR.KZ. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Джон Блинкен 2023 жылғы 28 ақпанда Астанаға ұшып келді, деп жазады zakon.kz.

АҚШ Мемлекеттік департаменті пулының журналисі Иэн Марлоудың Twitter-дегі парақшасына жазуынша, ұшақ Астанаға түнде қонды.

"Біз Энтони Джон Блинкеннің Орталық Азия мен Үндістанға сапары аясында (G20 сыртқы істер министрлерінің кездесуіне) Астанаға келіп (Қазақстан) қондық", деп жазды Иэн Марлоу.
2023 жылғы 27 ақпанда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы әуежайдан түсірілген сурет жариялап, оның астында Энтони Джон Блинкен Қазақстанға, Өзбекстанға және Үндістанға сапарлайтынын жазды.