Бойжеткен Төле бимен бет-жүзін «алмастырды»

0
1 001


Бойжеткен Төле бимен бет-жүзін «алмастырды»

@saginblog.kz Instagram-парақшасы қыз баланың телефонға арналған қосымша арқылы Төле би мен өз бетін алмастырған суретін жариялаған.

Суретті желіге салған автор «Мен бұл фотосурет туралы не айтарымды да білмеймін! Біздің балаларымыздың ой-өрісі төмендеп барады. Олардың болашағына қатты алаңдаймын!» - деп пікір қалдырған.

Өзге желі қолданушылары да бұл суретке өз наразылықтарын білдірген. Олар бетін алмастырған қыздың әрекетін есерсоқтыққа балаған.

"Жастар сендер қайда лағып барасындар", "Басқалар қайталамау үшін айыппұл салу керек", "Ой-сананың төмендігі - ата-аналардың берген тәрбиесі ғой", "Осындай дәрежеге түстік", - деген пікір қалдырған желі қолданушылары.

ERNUR.KZ.