"Болашақ" стипендиясын иеленгендер тізімі жарияланды

0
776

​Алғаш рет байқау толықтай автоматтандырылған түрде өтті. Стипендия елу жеті адамға бұйырып отыр.


ERNUR.KZ. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 57 адамға "Болашақ" стипендиясы берілді, деп жазады sputnik.kz.

Құжатқа мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қол қойды.

"Стипендия иегерлері өз күшімен University College London, New York University, King"s College London, ETH Zurich - Swiss Federal Institute of Technology, Technical University of Denmark, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті сынды әлемнің үздік ЖОО-на оқуға түсті", - деп хабарлады "Болашақ" халықаралық стипендиясының баспасөз қызметі.

Биыл конкурс толықтай автоматтандырылған түрде өтті. Президенттік жастар кадрлік резервінің үлгісінде жасалды.