Болат Назарбаевтың қоры оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

0
513

Болат Назарбаевтың созылмалы ауыр дертке ұшырап, өңештің қатерлі ісігіне шалдыққаны расталған болатын.


Болат Назарбаевтың қоры оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

ERNUR.KZ. Бүгін әлеуметтік желілер арқылы Болат Назарбаевтың қатерлі дерттен қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Кейін бұрынғы президенттің інісіне тиесілі қор бұл мәліметке қатысты пікір білдірді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Болат Назарбаевтың созылмалы ауыр дертке ұшырап, өңештің қатерлі ісігіне шалдыққаны расталған болатын. Бұл туралы оның қазіргі әйелі Динара Мамитекова мен үлкен қызы Гүлмира Әбішева мәлімдеген.

Бүгін, 3 тамыз күні әлеуметтік желі арқылы Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Хабарламада оның өңештің қатерлі ісігінен қайтыс болғаны айтылған. Алайда, Болат Назарбаевқа тиесілі “Салиқалы ұрпақ” қоры бұл мәліметтің жалған екенін жеткізді.

“Бүгін анонимді телеграм арналарда таралған Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Болат Назарбаев қажетті емін алып, медициналық процедуралардан өтуде. Оның денсаулық жағдайы қанағаттанарлық деңгейде”, – делінген қор таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, экс-президенттің інісі Болат Назарбаев 69 жаста. Ол қазіргі таңда Алматы облысындағы өз үйінде емделіп жатыр.