Боран болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

0
2 545

Еліміздің батысы мен солтүстігінде күн суытады.


Боран болады: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алдағы күндері еліміздің батысы мен солтүстігінде күн суытады, деп хабарлайды ERNUR.KZ «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суық ауа массалары бар солтүстік-батыс антициклоны салдарынан республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді.

17-18 ақпанда Түркіменстандағы Оңтүстік циклон оңтүстік-батыс бағытта қозғалып, Қазақстанның солтүстік аймағының орталық және оңтүстік бөлігіне ауысады.

Жаңбыр, қар жауып, елдің солтүстігі мен батысында қарлы боран болады.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі байқалады.