"Борат-2" фильмінің шығуына наразы алматылықтар АҚШ консулдығына келді

0
762

Олар кинокартинаны көрсетуге тыйым салу үшін тұрғындардан қол жинаған.


ERNUR.KZ. "Борат-2" фильмінің шығуына наразы алматылықтар АҚШ консулдығының алдына келді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қала тұрғындары ұйымдастырған наразылық акциясы 23 қазанда түсте өтті. Консулдыққа жиналған алматылықтар Саша Барон Коэннің жаңа фильмін нәсілшіл және дөрекі деп санайтындарын мәлімдеді. Сондықтан олар кинокартинаны көрсетуге тыйым салу үшін тұрғындардан қол жинаған.

"Біз, патриот қазақ жастары, "Борат" фильмінің жалғасын жарыққа шығармауға белсенді түрде шақырамыз. Оған бойкот жариялау керек", - дейді алматылықтар.

Белсенділер петицияны бас консулға табыстамақ.