Бозымбаев: Ресей Қазақстандағы ЖЖМ бағасына әсер етуді жалғастырып келеді

0
1 419

Қазақстан мен Ресей шкарасындағы кеден салықтарының жоқтығы биліктің бағадағы тепе-теңдікті қарастыруына түркі болып отыр.​


Бозымбаев: Ресей Қазақстандағы ЖЖМ бағасына әсер етуді жалғастырып келеді

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҮЕҰ азаматтық сектор өкілдерімен кездесуінде өндіріс ауқымының артқанына қарамастан елдегі бензин мен дизельді отын бағасының көрші Ресей нарығына тәуелді болу себебін түсіндіре кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Курсив.kz-ке сілтеме жасап.

«Мұнай өнімдері нарығындағы проблема - Ресей Федерациясмен шекара бойында кеден бекеттерінің болмауында, - деді Бозымбаев. - Жағдай бензин мен дизельді отын бағасына үнемі тепе-теңдік іздеп отыруды талап етеді: республикада бензин бағасы Ресейдегіден тым төмен де тым жоғары да бомауы тиіс. Егер ол Ресейдегіден тым төмен болса, кеденнің жоқтығынан біздің мұнай өнімдеріміз Ресейге кетіп қалады. Егер, бізде баға тым жоғары болса, біздің зауыттар сол жақтан сатып ала бастайды да бізде ресейлік өнім көбейіп кетеді. Сондықтан, қайткенде де біздегі баға конъюктурасы көрші нарықта болып жатқан жағдайды қайталайды", -деді министр.

Бұл ретте Қанат Бозымбаев Қазақстандық үш зауытта 2018 жылы мұнай өңдеу көлемі 1,1 млн тоннаға ұлғайып, 16 млн тоннаға жететінін атап өтті. Алғашқы тоқсанда мұнай өнімдерінің негізгі түрін өндіру 2,8 млн тоннаға артып, былтырғы осы мерзіммен салыстырғанда 5 %-ға көбейген. Нәтижесінде 2018 жылы Қазақстанда 11,5 млн тонна негізгі мұнай өнімдерін алу көзделіп отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 10 млн тоннадан асқан.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, биылғы жылдың бірінші тоқсанында ішкі нарықты отандық ЖЖМ-мен қамту: бензиннің барлық маркасы бойынша - 81%, дизельді отынмен - 90%-ға жуық, авиакеросин- 58,3%, мазут - 100% құраған.