Браконьерден мерт болған қорықшының сотында адам сенгісіз жайттар айтылды

0
910

Сотта адам сенгісіз жайттар айтылды.


Браконьерден мерт болған қорықшының сотында адам сенгісіз жайттар айтылды

фото: видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Ақмола облысында браконьерлердің жолын кеспек болып, солардың қолынан мерт болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың өліміне қатысты сот басталды. Айыпталушы – 45 жастағы Анатолий Бонякевич, деп жазады ktk.kz.

Сотта адам сенгісіз жайттар айтылды. Табиғат қорғаушыларға орманда оқ атқан кезде Анатолий Бонякевичтің жанында 13 жасар ұлы болған көрінеді. Сол бала бүгін сотқа куәгер ретінде шақырылды.

Естеріңізде болса, шілде айында алты киікті сұлатып салып ізін жасырмақ болған браконьер соңына түскен инспекторлардан «Нивамен» қашып бара жатып, оларға оқ атқан еді. Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Самат Оспанов ауыр жараланған. Екеуі де – «Охотзоопром» мекемесінің қызметкерлері. Қазір Бонякевич Қылмыстық кодекстің 4 бірдей бабы бойынша айыпталуда.

Енді Қаныштың артында қалған төрт баласы мен бауырлары қаскөй «әділ жазасын алса екен» дейді.

"Бұл қайғықасірет біздің отбасымызға оңай тиген жоқ. Мен бауырымнан айрылдым, анам баласынан айырылды, балалар әкесінен айрылды. Нақты қолына қару алып атқан қылмыскер өз жазасын алуы керек. Басқа ешқандай талабым жоқ" - дейді марқұмның әпкесі Жансая Нұртазинова.