Б.Сағынтаев көшкін қаупіне қатысты тұрғындар өтінішін орындады

0
894

"Батыс жақтағы қабырғаны габионнан жасалған жетіметрлік тіреумен нығайту жұмысы аяқталды, шығыс жағын қарашаның соңында бітіреміз, жалпы барлық жұмыстар аяқталады" - Б. Сағынтаев.


Б.Сағынтаев көшкін қаупіне қатысты тұрғындар өтінішін орындады

ERNUR.KZ. Алматы қаласы Медеу ауданы тұрғындарының өтініші бойынша қала әкімдігі Горный, Горновосточный және Бегалин көшелері тұйықталған тау бөктерлерінің батыс жақтағы қабырғасын нығайту жұмысын аяқтаған, деп жазады egemen.kz.

«Шілдеде Медеу ауданын аралаған кезде Көктөбе тауының көшкін қаупі бар аймағына орналасқан бірнеше үй тұрғындары көмек көрсетуді өтінген еді. Өйткені үйлерге опырылу қаупі төніп, келеңсіз жайт тұрғындарды жабырқатқан болатын. Тамыз айында Горный, Горновосточный және Бегалин көшелері тұйықталған тау бөктерлерін нығайту басталған болатын. Жалпы, 60 жеке тұрғын үй орналасқан 290 метр беткей нығайтылуы тиіс еді. Батыс жақтағы қабырғаны габионнан жасалған жетіметрлік тіреумен нығайту жұмысы аяқталды, шығыс жағын қарашаның соңында бітіреміз, жалпы барлық жұмыстар аяқталады. Осы аймақта орналасқан 250-ге жуық тұрғынның қаупі сейілетін болады», - деп жазды Б. Сағынтаев.