​Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

0
1 343

"Қазгидромет" РМК мамандары ауа сапасы нашарлайтын қалаларды атады


​Бүгін 5 қалада ауа сапасы нашарлайды

сурет:zhel.city

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары ауа сапасы нашарлайтын қалаларды атады, деп жазады Baq.kz.

"16 қарашада Қарағанды және Теміртау қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары сақталады, ал Астана, Шымкент және Балқаш қалаларында да осындай қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.