Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

0
1 080

Туындаған сұрақтарға жедел қарау, сонымен қатар тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call- орталығы жұмыс істейді.


Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Бүгін 20 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталып, 169 ҰБТ өткізу пунктерінде өткізіледі. ҰБТ-ға өтініш қабылдау 1сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендердің жалпы саны – 117 242, оның ішінде осы жылы мектеп бітірушілер саны 96 380-ді құрайды (өткен жылғы мектеп бітірушілер саны - 20 862), деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҰБТ-2019 нәтижелерін:
- @edu.gov.kz_bot Telegram-боты көмегімен;
- edu.mail.kz сайтынан;
- Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтынан – www.testcenter.kz білуге болады. Ол үшін әрбір тестіленушіге
берілетін ТЖК (тестіленушінің жеке кодын) енгізу қажет.
Биыл Министрлік ҰБТ тапсыру кезіндегі кез-келген бұзушылықтарды, оның ішінде жақсы нәтижелер алу үшін үшінші тұлғалардың қызмет көрсетуін болдырмау бойынша нақты қадамдар қабылдауда. Мұндай іс-әрекеттер ҰБТ-ның объективтілігіне сенімді азайтады. Біз барлық түлектер мен ата-аналардан мұндай жағдайларда бей-жай қарап қалмауды сұраймыз. Егерде Сіздерге «дұрыс жауаптар кодын» сатып алуды ұсынса, тестілеу кезінде көшіріп алудың куәгері болсаңыз немесе тестілеу кезінде бөтен адамдардың жүргенін көрсеңіз,
- +7 (7172) 69-50-87 телефонына хабарласуды немесе
- @edu.gov.kz_bot Telegram-ботына хат жазуды сұраймыз.
Өз тарапымыздан біз ақпараттың конфиденциалды болуына кепілдік береміз. Туындаған сұрақтарға жедел қарау, сонымен қатар тестілеудің айқындылығын жақсарту мақсатында тәулік бойы 8-800-080-7177 Call- орталығы жұмыс істейді.

Дереккөз: ҚР БҒМ баспасөз қызметі