Бүгін Президент қасіретті қаңтар оқиғасының себебін айтады

0
759

​Бүгін сағат 20:00-де «Хабар» және «Хабар 24» телеарналарынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың эксклюзивті сұхбаты көрсетіледі.


Бүгін Президент қасіретті қаңтар оқиғасының себебін айтады

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Президент қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестері мен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап береді», - деп жазды Б.Уәли Facebook-те.