Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 31 жыл толды

0
1 042

Естеріңізге сала кетейік, 1949-1989 жылдар аралығында Семей даласында 456 әртүрлі ядролық жарылыс жүргізілді.


Бүгін Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 31 жыл толды

ERNUR.KZ. Абай облысы орталығының тұрғындары Бейбітшілік аралындағы «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, қырық жылға созылған қырғын кезінде опат болған жандардың рухына тағзым жасап, бір минуттық үнсіздікпен еске алды, деп жазады«Хабар 24».

Естеріңізге сала кетейік, 1949-1989 жылдар аралығында Семей даласында 456 әртүрлі ядролық жарылыс жүргізілді. Әуе мен жер астында 116 сынақ жасалды. Олардың қуаты Хиросимаға тасталған бомбадан 2,5 мың есе асып түсті. Полигон жабылғанымен, жергілікті халық сынақтың зардабын әлі күнге тартып келеді. Семейлік белсенді азаматтар 1992 жылы шыққан заң ескірді, жаңа заң қабылдау керек деп санайды.

“Міне, 31 жыл өтті. Мемлекет Семей өңірінің халқына заң қабылдау қажет. Ол үшін комиссия құрса деген тілегіміз бар. Оған біздің комитеттің мүшелері де қатысса. Өйткені, халыққа жағдай жасайтын уақыт келді деп ойлаймын”, - деді «Абыралы-дегелең» қоғамдық қорының президенті, Марат Құрманбай.

“Біздің мақсатымыз – жаңадан заң қабылдау. Бұл заң семей өңіріне аса қажет. Басқа қалаларда, басқа елдерде тұрып жатқан азаматтарға да керек”,- деді «Полигон 21» қоғамдық комитетінің төрағасы, Қайрат Мирашев.