Бүгін Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады

0
425

Аданада да қазақстандық студенттер Ыстамбұлға жеткізілген.


Бүгін Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Түркиядағы 19 қазақстандық студент елге қайтады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мерсин қаласындағы Құрметті консул, Түркия азаматы Ахмет Будан қонақүйге Қазақстанның 25 азаматын, оның ішінде 19 студентті паналатты. Бүгін осы 19 қазақстандық студент құрметті консулдықтың ұйымдастыруымен Анкараға жеткізілді және олар бүгін кешке Анкара-Астана рейсімен Қазақстанға қайтады», - деді ол БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде.

Оның мәліметінше, Аданада да қазақстандық студенттер Ыстамбұлға жеткізілген.

«Сондай-ақ, Конья қаласындағы құрметті консул 12 қазақстандық студентке Аданадан Ыстамбұлға жетуге жәрдем көрсетті. Айта кететін жайт, Түркиядағы дипломаттарымыз Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасымен тұрақты байланыста», - деді Айбек Смадияров.