Бүгіннен бастап Астанада автотұрақ ақысын төлемегендердің тізімі құрылады

0
1 162

​«Парковочное пространство Астаны» ЖШС-нің мәліметтеріне қарағанда, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұраққа 2 ай ішінде 3 мыңнан астам көлік иесі өз көлігін қойған. Олардың басым бөлігі ақылы автұрақтың белгісін елемей, автотұраққа көлігін қойған уақыты үшін ақы төлемеген.


Бүгіннен бастап Астанада автотұрақ ақысын төлемегендердің тізімі құрылады

«Парковочное пространство Астаны» ЖШС-нің мәліметтеріне қарағанда, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұраққа 2 ай ішінде 3 мыңнан астам көлік иесі өз көлігін қойған. Олардың басым бөлігі ақылы автұрақтың белгісін елемей, автотұраққа көлігін қойған уақыты үшін ақы төлемеген, - деп хабарлайды Baq.kz. елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«ҚР ӘҚБтК-нің 597 «Тоқтау және көлік құралдарын тұраққа қою» бабы бойынша автұрақ ақысын төлеуден жалтарғандар 3 АЕК көлеміндегі айыппұлға кесіледі. Бір жыл ішінде аталмыш құқық бұзушылық қайта жасалған жағдайда төленетін айыппұлдың көлемі 5 АЕК-ке дейін артады. 2018 жылы 1АЕК мөлшері 2405 теңгені құрайды», - делінген таратылған хабарламада.

Айта кетейік, Нұржол желекжолындағы ақылы автотұрақта 487 орын бар. Мұнда 12 паркомат жұмыс істейді.

Автотұрақ ақысын төлемеуге қатысты құқық бұзушылықтардың оқиғаларымен https://2888.kz/kz/ сайтында танысуға болады.