​Бүгіннен бастап бірнеше түн бойы аспаннан жұлдыз жауады

0
2 358

Дәл осы түні Жер тұрғындары аспаннан толассыз жауған жұлдыздарға куә болмақ.


​Бүгіннен бастап бірнеше түн бойы аспаннан жұлдыз жауады

ERNUR.KZ. Дәл осы түні Жер тұрғындары аспаннан толассыз жауған жұлдыздарға куә болмақ, деп жазады sputniknews.kz.

Метеориттер жауыны аспан ашық болса, тіптен жарқырап көрінеді. Жаңа Ай да, астрономдардың айтуынша, жұлдыздар жауған түннің есте қаларлықтай өтуіне септігін тигізеді.
Алайда биыл Персеида жауыны бұрынғы жылдармен салыстырғанда онша тығыз болмайды екен: 80-100 "аққан жұлдыздың" орнына небәрі 50-75 метеор жауады.

Ғалымдардың айтуынша, жұлдыздардың ағуы адамдардың өміріне немесе орбитадағы зондтарға еш әсерін тигізбейді.

Метеориттер жауыны 25 тамызға дейін белсенділігін жоғалтпайды.