Бүкіләлемдік тазалық күні 135 мың қазақстандық 6 мың тоннадан астам қоқыс жинады

0
757

Осы жылы арнайы қоқыс жинайтын қаптар мен қолғаптардан басқа волонтерлер медициналық маскалар киіп, әлеуметтік қашықтытқты сақтауға мәжбүр болды.


Бүкіләлемдік тазалық күні 135 мың қазақстандық 6 мың тоннадан астам қоқыс жинады

Өткен демалыста Қазақстан жыл сайын өтетін Бүкіләлемдік «World Clean Up Day» экологиялық акцияға үшінші рет қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстанның экологиялық ұйымдары, Экология, геология және қоршаған ортаны қорғау Министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен әр облыста сенбіліктердi өткізді,

Экологиялық науқанға 135 073 волонтер қатысып, 6 020 тонна қоқыс жинады. Қайта өңдеуге:

Шыны – 1084,49 тонна

Пластик – 2145,1 тонна

Резеке – 373,495 тонна

Қағаз – 407,935 тонна

Металл – 890,24 тонна жіберілді.

Жиналған қоқыс бойынша ең үздік облыстар келесілер: Алматы, Ақтөбе және Павлодар облыстары, қалған облыстар бойынша ақпарат инфографикада көрсетілген.

Бүгін біз Алматы қаласын аралап, қоқыстың әлдеқайда аз екенін көрдік. Менің ойымша, тұрғындардың мәдениеті біртіндеп өсіп келеді, өйткені қоқыстарды бөлек жинау қоқыстың алдын алу үшін маңызды элемент болып табылады. Сонымен бірге, халықтың қоқыстар мен қалдықтарды дұрыс кәдеге жарату туралы ақпаратты арттыру маңызды – бар болғаны қоқыс жәшігіне тастаңыз. Қалалардағы қоқыс мәселелерімен күресу үшін биылғы жылы біз, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы StopMusor әлеуметтік-экологиялық жобасын жүзеге асырудамыз”,- деп бөлісті Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы Басқарма төрайымы Айгүл СОЛОВЬЕВА.

Қосымша елімізде осы күні 5725 түп ағаш отырғызылды.

Қазақстанда науқанды Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы, “Let’s do it, Qazaq Eli”, Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы, «Zhasyl Qalqan», сондай-ақ «Stop Musor» жобасы мен экологиялық қозғалыс # Біз таза ел үшін # Birge # TazaQazaqstan шеңберінде ұйымдастырды.

Жыл сайын World Clean Up Day науқанында 157 мемлекеттен 18 миллион волонтер қатысады. Осы жылы арнайы қоқыс жинайтын қаптар мен қолғаптардан басқа волонтерлер медициналық маскалар киіп, әлеуметтік қашықтытқты сақтауға мәжбүр болды.