Букмекерлік кеңселер «Қазақстан халқына» қорына міндетті түрде қаржы аударатын болады

0
940

Қор лотерея қызметінен, бәс тігу орталығынан және үкімет белгілейтін басқа да көздерден қаражат алады.


Букмекерлік кеңселер «Қазақстан халқына» қорына міндетті түрде қаржы аударатын болады

ERNUR.KZ. "Қазақстан халқына" қорына міндетті түрде аударатын құрылымдардың қатарына букмекерлік кеңселер кірді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ОКҚ-де өткен онлайн баспасөз мәслихаты барысында қордың басқарма төрағасы Боялат Жәмішев айтты.

Болат Жәмішев өз сөзінде қайырымдылыққа жеке тұлғалардың қатысуы тек ерікті түрде болуы керек екенін атап өтті.
"Бұл салық емес, бұл ерікті аударымдар. Қазір оларды негізінен ірі кәсіпкерлік субъектілері аударады. Салық заңнамасына сәйкес, егер ақша қайырымдылыққа жіберілсе, салық төлемдерін 3 пайызға дейін салық азайту қарастырылған. Сондықтан бұл аударымдар тауар бағасының өсуіне ешқандай әсер етпейді", — дейді Болат Жәмішев.
Дегенмен, кейбір құрылымдар қаражатты міндетті түрде аударады. Олардың арасында букмекерлік кеңселер бар.
«Қор лотерея қызметінен, бәс тігу орталығынан және үкімет белгілейтін басқа да көздерден қаражат алады», - деді ол.