"Бұл сел емес": Төтенше жағдайлар министрлігі Шарындағы оқиғаны түсіндірді

0
680

Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің төрайымымен сұхбат


ERNUR.KZ. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Сыздықов Бауыржан Шарын шатқалында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Stan.kz.

Сыздықовтың сөзінше, Шарын шатқалы қауіпті аймаққа жатпайды. Сонымен қатар, Шарында сел емес, балшық көшкіні болған.

“Шарын шатқалы сел қаупі бар аймаққа жатпайды. Ол аймақта төтенше жағдайлар қызметі жоқ. Осы уақыт аралығында Қазгидрометтен ТЖД-ға ешқандай сел туралы ескерту келген жоқ. Бұл сел емес. Жаңбырдың кесірінен балшық ағыны болды. Су араласқан балшық ағыны шатқалдың төменгі жағынан аққан. Бізде таулы аймақтың барлық жерінде желі істей бермейді. Туристерді сақтандыру заңнамасы бойынша, туристік агенттік алдын ала ескерту жасауы керек еді”, – дейді Сыздықов.

Еске салсақ, 29 мамырда Шарын шатқалында сел жүріп, салдарынан екі адам қайтыс болып, алтауы жарақат алды.

Желіде оқушылар тобы сел өткен Шарын шатқалына экскурсияға барғаны туралы ақпарат таралған еді. Әлеуметтік желілерде сел кезінде зардап шеккендердің фотолары пайда болды.

Артынша Шарын шатқалында №199 Алматы гимназиясының мұғалімі мен оқушысы көз жұмғаны хабарланды.