Бурабай курортындағы тауда алапат өрт болды

0
1 366

Өрт сөндіруге аймақтағы өрт сөндіруші бүкіл құрам жұмылдырылды.


Бурабай курортындағы тауда алапат өрт болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Бурабай курортындағы Жекебатыр тауының төбесіндегі орманды алқап өртеніп жатыр, деп жазады Zakon.kz.

"2019 жылдың 19 шілдесінде сағат 13.00 шамасында Шучинскіден 15 шақырымдағы Бурабай ауданындағы Жекебатыр тауының 852 метр биіктігіндегі орманды алқап (Бурабай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының аумағы) өртенді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 90 адам мен 5 арнайы өрт сөндіру техникасы, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Көкшетаудан "Қазавиақұтқару" АҚ-қа тиесілі МИ- 26 тікұшағы шақырылды", - деді ведомстводағылар.