Бурабайда 19 жастағы жігіт таудан құлап кетті

0
670

Тауға көтірлмекші болған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кеткен.


Бурабайда 19 жастағы жігіт таудан құлап кетті

ERNUR.KZ. Елордадан Бурабайға саяхаттап барған 19 жастағы жігіт таудан құлап, аяғын сындырып алды, деп жазады 24.kz.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай 4 шілде күні сағат 16:47 шамасында «Туфелька» тауында болған.

«Тауға көтірлмекші болған Нұр-Сұлтан қаласының 19 жастағы тұрғыны 20 метр биіктіктен құлап кетті. Салдарынан жігіттің аяғы сынып, түрлі дене жарақатын алды. Оған құтқару бекеті басшысының міндетін атқарушы Максим Пономарев бастаған құтқарушылар –Александр Попов, Әлібек Айтжанов, Евгений Ляхов көмекке келді. Құтқарушылар зардап шеккенді зембіл арқылы тау етегінде тұрған жедел жәрдем көлігіне жеткізді», – деді ведомстводан.

Осы ретте, ТЖД қызметкерлері демалушыларға таудағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.