Бурабайда көл ортасында қалған 12 жасар бала құтқарылды

0
1 332

Үлкендердің қарауынсыз ойнаған балалар шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, үрлемелі матрацпен жүзбек болған.


Бурабайда көл ортасында қалған 12 жасар бала құтқарылды

ERNUR.KZ. Бурабайда 12 жастағы бала Щучье көлінің ортасына үрлемелі матрацпен жалғыз өзі кетіп қалған. Оны құтқарушылар дер кезінде жағаға алып шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Құтқарушылар көл жағасын аралап, тексеру жүргізу барысында олардың алдынан кішкентай бала жүгіріп шығып, досының көл ортасына ағып кеткенін жанұшыра айтыпты. Оған дейін ТЖД мамандары көл жағасында жатқан велосипедтер мен балалар киімдерін тауып алып, дереу өзге құтқарушыларға хабар берген.

Белгілі болғаны, тауда велосипед тепкен балалар көл жағасына келіп, рұқсат етілмегегн жерде шомылыпты. Олардың бірі үрлемелі матрацқа мініп, көлде жүзіп көрмек болған. Алайда, жел оны судың ортасына алып кетіпті.

«Бірнеше минут ішінде көл жиегіндегі тастардың арасында көмекке адам іздеп жүрген бір бала табылды. Ал, екінші бала үрлемелі матрацпен көлдің ортасына асып кеткен болып шықты. Құтқарушылар дереу жетіп, баланы құтқарып алды. Өкінішке қарай, үрлемелі матрастар құтқарушылар үшін аса үлкен мәселе болып тұр. Әрбір жазғы маусымда осындай үрлемелі матрацтар мен қайықтармен алысқа ұзап кететін оқиғалар жиі болады. Үрлемелі матрас жүзу құралы емес екенін еске салғым келеді. 2017 жылы дәл соның салдарынан Кіші Шабақты көлінде екі қыз көлдің ортасында батып кеткен еді», - деді Ақмола облысы Төқтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.