Бурабайда үш жыл бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

0
744

Жігітті іздестіруге еріктілер тобы да қосылған.


Бурабайда үш жыл бұрын жоғалып кеткен жігіттің денесі табылды

ERNUR.KZ. 1999 жылы туған Руслан Дүйсенбаев 2017 жылдың сәуір айының соңында жоғалып кеткен болатын. Араға үш жыл салып, оның денесі Бурабайдан табылып отыр. Мәйіттің кімге тиесілі екенін анықтау үшін ДНҚ сараптамасы қажет болды, деп жазады Nur.kz.

Ақмола облысы ПД-ның ақпаратынша, жігіт осыдан үш жыл бұрын үйінен шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен.

Полицияға оның жоғалып кеткені туралы әкесі хабарлап, оқиғаға қатысты іздестіру ісі қозғалған.

Тәртіп сақшылары жас жігітті Бурабай ауданынан іздестірген. Полицейлер оның таныстарымен сөйлесіп, оқиғаның анық-қанығын анықтауға кіріседі.

Олармен бірге Русланды іздестіруге еріктілер тобы да қосылған.

"Lider kz" еріктілер ұйымының координаторы Олеся Баимованың айтуынша, 2,5 жыл бұрын оларға жоғалып кеткен жігіттің досы жүгініп, оны іздестіруге көмектесуді сұраған.

Ол Русланның жоғалып кеткен күні велосипедпен жүргенін айтты. Алайда, оның қайда кеткені белгісіз болыпты.

Русланның әкесі Көкшетауда тұрады. Ал ол өзі Шучинскте достарымен бірге тұрып жатқан. Жас жігіт сол жерде колледжде білім алған.

Жоғалып кеткен жігіттің таныстары оны тек жақсы жағынан танитынын айтты. Олар Русланды өте ақкөңіл және жарқын адам ретінде сипаттады.