Бұрынғы СІМ жауапты хатшысы мен Өзбекстандағы елшіге қатысты сот үкімі шықты

0
703

Сотталушылардың бәрі өмір бойынша мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Бұрынғы СІМ жауапты хатшысы мен Өзбекстандағы елшіге қатысты сот үкімі шықты

№2 Байқоныр аудынының сотында А.Б.Қарашев және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарашев (Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы ретінде бұрын қызмет атқарған) елшілік ғимаратының құрылысы үшін және қосылған құн салығына бөлінген ақшалай қаражаттарды жымқырғаны үшін айыпталды. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлерден пара алғандығы, ақшалай қаражатты заңдастырғаны үшін айыпталды.

Прокурор сот талқылауы барысында Қарашевтің пара алу мен қаражатты заңдастырудағы айыптан бас тартып, айыптың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Прокурордың мұндай шешімі сот үшін міндетті болып табылады.

Сот Қарашевтің іс-әрекетін лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану деп саралады.

Утембаев (Өзбекстандағы бұрынғы елші) Қарашевқа қылмыстық құқық бұзушылыққа көмектескені үшін айыпталды.

Сакенова (СІМ Басқармасы шаруашылығының бұрынғы директоры) кәсіпкерлерден пара алғандығы үшін айыпталды.

Нурекенов, Джумасановаға (Басқарманың бұрынғы қызметкерлері) келесідей айып тағылды: біріншісі - өкілеттілікті теріс пайдалануға және және пара алуға көмектескен, екіншісі – пара алуға көмектескен.

ЖШС-нің басшысы Кутдусов пара бергендігі үшін айыпталды.

Барлық сотталушыларға айыптау үкімі жарияланды.
Сот Қарашев, Утембаев және Нурекеновтің алғашқы рет жауаптылыққа тартылып отырғандығын, кәмелетке толмаған балаларының бар болуы есепке алды. Сакенова, Джумасанова және Кутдусов жасаған іс-әрекеттеріне өкінді, айыбын мойындап келген, жан-жақты мойындау түсініктерін берген, Сакенованың баласы бар. Қарашев – 55 жаста, Утембаев – 54 жаста.

Қарашев және Утембаевқа 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы (бап санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастырады) тағайындалды.
Нурекеновке - 5 жыл, Сакенова, Джумасановаға 2 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кутдусовқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Барлық сотталушылар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.