Бұрынғы вице-министр Эльмира Суханбердиеваның баласы қайтыс болды

0
1 036

Бұл жайлы білім және ғылым вице-министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкен әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.


Бұрынғы вице-министр Эльмира Суханбердиеваның баласы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы қайтыс болды, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Достар, жазудың өзі қиын, бірақ Эльмира Амангелдіқызы Суханбердиеваның сүйікті әрі кенже ұлы Ілияс қайтыс болды... Бір өзі қаншама сыннан өтіп жатыр. Өмірдегі ең жаманы - жақындарыңды жоғалту, ал ол өз балаларың болса, оны қабылдау тіптен мүмкін емес... Иманды болсын, кішкентай періште... Мұндай жағдай болмас үшін, барлығымыз бір-бірімізге қарап, адамды қудалап, түрлі айла-амалдарды жасаудың қажеті жоқ", - деп жазды білім және ғылым вице-министрінің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкен Facebook желісіндегі парақшасында.

"Чаттан көрдім. Онда барлығы көңіл айтып жатыр. Бұл жағдайдың мән-жайын білмеймін, Эльмира Амангелдіқызының көмекшісіне, әпкесіне хабарласып жатырмын, бірақ телефонды ешкім алмай жатыр. Маған бұрынғы вице-министр хабарласып, осы хабарды чаттан сағат түнгі 11-де көргенін айтты. Ол кезде телефоным сөндірулі болатын, жаңа ғана көрдім. (...) Ең сүйікті ұлы еді", - деді Майраш Тайкенова.

Оның айтуынша, Суханбердиеваның ұлы ешқандай аурумен ауырмаған.