Былтыр 13 адам шетелдіктердің қолынан қаза болған

0
319

​20 мыңнан астам шетелдік шекарамызды заңсыз кескен.


Былтыр 13 адам шетелдіктердің қолынан қаза болған

ERNUR.KZ. Пандемияға байланысты шектеулер болғанына қарамастан 2020 жылдың тоғыз айында 20,7 мың шетелдік елімізге заңсыз кіргені үшін жауапқа тартылған, деп жазады inbusiness.kz.

Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Қазақстандағы адам саудасы туралы арнайы баяндама жариялады. Осы құжатта елімізге былтыр кірген шетелдіктер туралы бірталай мәлімет айтылған. «Бүркіт» бірыңғай ақпараттық жүйесінің мәліметтері бойынша 2020 жылдың 9 айында Қазақстанға 1 млн 915 мың шетелдік келген.

Келушілердің жалпы санының 90%-ы – ТМД елдерінің азаматтары. Оның ішінде Өзбекстаннан – 852 мың (45%), Ресейден – 452 мың, Қырғызстаннан – 263 мың және Тәжікстаннан - 169 мың адам кірген. Сондай-ақ, Түркиядан 35 мың, Қытайдан 11 мың, Үндістан 7,1 мың және Германиядан 7,7 мың азамат келген.

Көші-қонды бақылаушы органдар 9 айда 20,7 мың көші-қон заңнамасын бұзушыны әкімшілік жауапқа тартқан. Оның 1,7 мыңы елден шығарылған. Олар енді 5 жыл бойы Қазақстанға аттап баса алмайды.

Көші-қон заңнамасын бұзушылардың көбі – Өзбекстан азаматтары (6186). Одан кейінгі орындарда Ресей (2117) және Қырғызстан (562) азаматтары. ТМД-дан тыс елдердің ішінде Қытай азаматтары жиі заң бұзатыны айтылған. Бұл елдің 268 азаматы әкімшілік жауапқа тартылған. Сондай-ақ, 79 Моңғолия азаматы, 191 Түркия азаматы, 59 Ауғанстан азаматы заңсыз кірген.

Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактілері бойынша 70 қылмыстық іс қозғалған. 9 айда 1074 шетелдік қылмыс жасаған. Шетел азаматтарының қолымен жасалатын қылмыстар да толастамай тұр. Мұндай әрекеттері үшін 1074 шетелдік қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде кісі өлтіру бойынша – 13, денсаулыққа ауыр зиян келтіру бойынша – 39, зорлау бойынша – 14, ұрлық бойынша – 498, қарақшылық бойынша – 9, бұзақылық бойынша – 47, алаяқтық бойынша – 108, тонау бойынша – 50 шетелдік істі болған.