Бюджет тапшылығын азайту қажет - қаржы министрі

0
363

Премьер-министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында Қазақстан доллар, еуро және рубльде 23 триллион қарыз алғанын айтты.


Бюджет тапшылығын азайту қажет - қаржы министрі

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сыртқы қарыздарға қатысты пікір білдірді, - деп жазады tengrinews.kz.

Премьер-министрдің орынбасары Мәжіліс отырысында Қазақстан доллар, еуро және рубльде 23 триллион қарыз алғанын айтты. Бұл соманың 30 пайызы - сыртқы қарыз.

"Бізде 23 триллион қарыз бар, оның 30 пайызы сыртқы қарыз. Қарыз доллар, еуро, рубльмен алынған. Біз қазір 35-37 пайыздан аспау міндетін қойып отырмыз", - деді қаржы министрі.Ерұлан Жамаубаев бұл міндетті орындау үшін қандай шаралар қолға алынып жатқанын да айтты.
"Біріншіден, бюджет тапшылығын азайту қажет. Бізде мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы бар, қазыр бұл тапшылықты 3,3-тен 2,5 пайызға дейін біртіндеп азайтамыз. Тапшылық азайған кезде ол ішкі кірістер есебінен толтырылады", - деді қаржы министрі.

Оның айтуынша, көлеңкелі экономиканы қысқартып, салық және кедендік әкімшілендіруді толық цифрландыру қажет.

"Автоматтандыру және модернизация процедурасын жүргізу қажет. Бұл жұмыс таяу 1-2 жылда толығымен аяқталады. Ең үлкен мәселе - жүргізіліп жатқан келіссөздер, егер қазір бәрі ойдағыдай болса, шетелдік инвесторлар нарыққа теңгемен кіре алады және валюталық тәуекелдер әлдеқайда төмен болады. Бұл бізге тағы бір мүмкіндік болмақ", - деп түйіндеді сөзін Жамаубаев.