БЖТ төлеушілерден 42 500 теңге төлеміне өтінімдер қабылдау басталды

0
668

Өтінім қабылдау бірінші қыркүйекке дейін жалғасады.


БЖТ төлеушілерден 42 500 теңге төлеміне өтінімдер қабылдау басталды

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші азаматтардан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшеріндегі біржолғы төлем төлеуге өтініштер қабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың шілде айында шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысын жоғалтқан, БЖТ төлеуші болып табылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар 42 000 теңге төлеміне келесі арналар арқылы өтініш бере алады:

egov.kz – "электрондық үкімет" веб-порталы;

– 42500.enbek.kz порталы;

– telegram-боттар;

– Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

– homebank.kz порталы.

Төлемді проактивті тағайындауға келісім берген азаматтарға өтінім берудің қажеті жоқ, себебі sms-ке жауап жіберу автоматты түрде өтінім беру болып табылады.

Бұдан бұрын хабарлағандай, 16 шілдеден бастап БЖТ төлеуші болып табылатын адамдар үшін sms-хабарлама жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсетіледі.