БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев сотталды

0
1 122

Руслан Ерденаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша және 366-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") бойынша айыпты деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды.


БЖЗҚ бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев сотталды

Алматыда "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ экс-басшысы Руслан Ерденаевқа қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Руслан Ерденаев ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігінің 2-пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша және 366-бабының 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") бойынша айыпты деп танылып, 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, ол мемлекеттік қызметке тұру құқығынан өмір бойына айырылды. Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, 2016 жылдың 6 қазанында "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ бес миллиард теңге сомаға құнды қағаз сатып алған. Алайда "БЖЗҚ" АҚ қатерлер департаменті бұл келісімнен бас тартуға кеңес берген. Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл келісімнің салдарынан мемлекетке аса ірі көлемде зиян келгенін айтып отыр. Бұл істің қалған фигуранттары қандай жазаға кесілгені жайлы мына жерден оқуға болады Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", - деген еді банктегілер. Ал 2017 жылдың 7 қаңтарында Руслан Ерденаевтың қамауға алынғаны хабарланған болатын. Ол бірнеше миллиард теңге жаратты деген күдікпен ұсталған еді.