Д. Ақышев - Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп ел экономикасын дамытудың нақтыланған болжамдарын келісті

0
1 432

​Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп ел экономикасын дамытудың нақтыланған болжамдарын келісті. Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу саясатын және теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін өткізуін жалғастырады.


Д. Ақышев - Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп ел экономикасын дамытудың нақтыланған болжамдарын келісті

Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп ел экономикасын дамытудың нақтыланған болжамдарын келісті. Ұлттық Банк инфляциялық таргеттеу саясатын және теңгенің еркін өзгермелі айырбастау бағамы режимін өткізуін жалғастырады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын қарау бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің от ырысында баяндама жасаған кезде айтып берді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол Ұлттық Банктің негізгі басымдығы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және жылдық инфляцияны нысаналы дәлізде ұстап тұру екендігін атап өтті. Экономика тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі мемлекеттің ақша-кредит және фискалдық саясатын үйлестіру болып табылады.

«Инфляция ағымдағы жылғы 1-тоқсанда 1,8% болды, бұл өткен жылғы осыған ұқсас деңгейден төмен. Наурызда оның жылдық деңгейі 6,6% болды, бұл 2018 жылға белгіленген 5-7% дәлізге сәйкес келеді. Қолайлы үрдістер және орта мерзімді болжамдар ақша-кредит саясатын жеңілдетуге ықпал етті. 16 сәуірде базалық мөлшерлеме 9,25%-ға дейін төмендетілді. Бұл осы жылғы базалық мөлшерлеменің үшінші рет төмендеуі», - деді Д. Ақышев.

Сонымен қатар Ұлттық Банк басшысы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды Ұлттық Банктің толық көлемде қабылдап жатқанын атап өтті. Баға тұрақтылығы экономиканың ұзақ мерзімді өсуі және халықтың әл-ауқатын көтеруі негізінде жатыр.