"Даму" қоры карантинде 6 мың жобаға қолдау көрсетті

0
727

Карантин кезінде де қор өз жұмысын тоқтатқан жоқ.


ERNUR.KZ. Бұл туралы "Даму" қоры АҚ басқарма төрайымының орынбасары Фархат Сәрсекеев ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты деп жазады baq.kz.

"Даму" қоры төтенше жағдай енгізілгеннен кейін карантин кезінде де бизнесті қолдауды тоқтатқан жоқ. 16 наурыздан бастап кепілдендірілген 101 млрд теңгеге 1294 жобаны субсидиялау бойынша қолдады. 16 наурыз бен 25 мамыр аралығында қор жаңа жобалардан басқа 460 млрд теңге несие көлемінде 6 мың жобаға қолдау көрсетті, - деді ол.

Ол атап өткендей, қор БҰҰ ДБ-мен келісім орнатты.

Энергияның баламалы көздері бойынша шағын және орта бизнесті субсидиялау жүзеге асырылады. Карантин кезінде де қор өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Өтінімдерді онлайн қабылдады. Бизнес процестерді автоматтандыру 94 пайызға орындалды. Субсидиялау үлесі наурыздан бастап 22 пайыздан 92 пайызға артты. Өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты, - деді Сәрсекеев.
Бұған дейін ол мемлекет бизнеске қандай қолдау көрсетіп жатқаны жөнінде айтқан болатын.