Даниал Ахметов ауыр халде жатқан науқастар үшін қан тапсырды

0
530

​Қан 3 науқасты емдеуге жетеді.


Даниал Ахметов ауыр халде жатқан науқастар үшін қан тапсырды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қан орталығында 600 миллилитр иммундық плазма тапсырды, деп жазады inbusiness.kz.

«Бүгін қан орталығында 600 миллилитр плазма тапсырып, донор атандым», - деп жазды Даниал Ахметов.

Қан орталығының дәрігерлері иммундық плазма COVID-19-дың ауыр түрімен сырқаттанған науқастарды емдеуде тиімді әдіс болып саналатынын атап өтті. Өткен аптада мұнда 234 доза плазма дайындалған.

Аймақ басшысы иммундық плазманы коронавируспен ауырғандар да, вакцина салғандар да тапсыра алатынын жеткізді.

«Қанымдағы антиденелер титрі өте жоғары болды. Бүгін тапсырған иммундық плазмам ауыр халде жатқан 3 науқасты емдеуге жетеді», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар ол донор болғаны үшін берілген ақшаны балалар үйінің шотына аударды.