Даниал Ахметов Татарстан президентінен көмек сұрады

0
730

Дәрі-дәрмек қоры бір айға жетеді.


Даниал Ахметов Татарстан президентінен көмек сұрады

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысына Татарстанның 20 дәрігері келіп, кеңес беретін болды. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуал туралы баяндаған Даниал Ахметов осындай ақпарат айтты, деп жазады inbusiness.kz.


"ШҚО дәрігерлер қауымы мүмкіндіктерін таразылап көрді. Бізде 15 компьютерлік томограф бар. Бұл өте маңызды сан. Жедел штаб дүрбелең туып, бас артық кезек болмауы үшін Өскемен қаласындағы 3 аурухананың қондырғысын COVID-19 індетімен ауырғандарды тексеруге етіп бекітті. Мысалы, Өскеменнің балалар ауруханасы Ұлан, Глубокое, Көкпекті, Зайсан аудандары мен Риддер қаласына қызмет етеді. Әр ауданның уақыты, жауапты адамдар, әрекет алгоритмі анық. Семейде де осылай істелген. Ядролық медицина орталығы Бесқарағай, Бородулиха, Курчатов, Абай, Жарма аудандарына қызмет көрсетеді. Біздің қолымызда 55 электронды рентген бар. Оларды да пайдаланамыз. Осы арқылы біз ПТР-зертхананың алдына шығып, жоғары технологиялы зерттеулерге көштік", – деген әкім дәрі-дәрмек тапшылығына да тоқталды.


Өңір басшысы стационарлық және провизорлық орындардан бөлек 277 реанимациялық төсек құрғанын жеткізді.


"Бұл жағдайы ауыр науқастарға арналған. Індетпен күреске қосымша 148 дәрігер, 197 медбике мен фельдшер тартылды. Кеше ғана Татарстан президенті Рустам Миннихановпен сөйлестім. Бүгін орынбасарым Шәкәрім Бұқтұғұтов Татарстанның денсаулық сақтау министрімен келіссөз жүргізді. Жақында Татарстанның 20-дан астам білікті дәрігері ШҚО-ға кеңес беру үшін келеді", – деді Даниал Ахметов.


Оның айтуынша өңірдегі медициналық мекемелерде бір айға толық жететін дәрі-дәрмек қоры бар көрінеді.


«Бүгінде 50 жасанды өкпе аппаратын алдық. 25- іске қосылды. Күзге тағы 1,5 млрд теңгенің қондырғысын алдырамыз. Тамыздың басында Үржар ауданында 64 кескінді компьютерлік томограф қойылады. Ал тамыздың соңында тағы 2 ПТР-зертхана ашамыз. Оның бірі Семейде, бірі Өскеменде орнатылады. Дәрілер қоры бір айға жететінін сенімді түрде айта алам. Мысалы бізде 159 мың ыстық түсіретін, 35 мың вирусқа қарсы, 314 мың антибиотик бар. Бұл бір айға жететін қор. Қарапайым халыққа келсек, 870 дәріхана, 18 толайым қойма бар. Облыс бойынша 86 мың қаптама ыстық түсіретін дәрі, 3000 мың қаптама вирусқа қарсы дәрі, 20,5 мың қаптама антибиотик бар. Әрбір әкім мониторинг жүргізіп отыр. Қосымша дәрі әкелу туралы тиісті меморандумдары бар. Сол бойынша қажетті дәрні уақытылы алып отырады», – деді ол.