​Данияр Ақышев Цеснабанктегі жағдайды түсіндірді

0
896

Ұлттық банк Цеснабанкке 150 млрд теңге көлемінде қарыз берді.


​Данияр Ақышев Цеснабанктегі жағдайды түсіндірді

ERNUR.KZ. ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «Цеснабанк» бойынша жағдайға түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Цеснабанктегі жағдай бақылауға икемді деп санаймыз. Онда менеджмент ауыстырылып, стратегиясы өзгерді. Екіншіден, агроөнеркәсіптік секторды қолдау аясында 450 млрд теңге АӨК -ті қолдауға бөлінді. Өз кезегінде бұл шаралар Цеснабанкке жанама түрде қолдау жасайды», - деді Данияр Ақышев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар, ол Цеснабанк несиелерін сатып алу мәселесіне тоқталды.

«Осы несиелерді сатып алу мәселесі Проблемалық несиелер қоры мен Цеснабанк арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты.... Біздің ақпаратқа сәйкес, бұл процесс іске асырылған», - деді ҰБ басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық банк Цеснабанкке 150 млрд теңге көлемінде қарыз берді. Бұл қаржы банкке нарықтық жағдайда көмек ретінде бөлінді.