​Дәрігерлер астаналық тұрғындарға медициналық маскамен тұмшалануға кеңес беруде

0
1 254

әсіресе дәрігерлер осындай көк түтінде медициналық маскамен тұмшалануға кеңес береді.


​Дәрігерлер астаналық тұрғындарға медициналық маскамен тұмшалануға кеңес беруде

ERNUR.KZ. Қолқа қабар тұмшадан құтылу үшін елордалықтардың самалды күтуден басқа амалы жоқ. Мұны синоптиктер айтып отыр. Жылда қайталатын көріністен қала тұрғындары әбден жауыр болғаны соншалық, бас шаһарға тезірек көгілдір отынның келуін аңсап отыр, деп жазады 24.kz.

Мирлан Алтынбек, twitter@mickthatsmynick:

– Өткен аптадан бері елорданы көк тұмша басқаны белгілі. Осыған байланысты эколог мамандар түрлі себептерді де айтып жатыр. Бірі жылу электр станциясын кінәласа, енді бірі жеке сектордағы жер үйлерден шығатын түтінді айтса керек.

Не де болса мамандар, әсіресе дәрігерлер осындай көк түтінде медициналық маскамен тұмшалануға кеңес береді. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаларда қала тұрғындары бас шаһарды тіпті Қытай астанасымен салыстырып жатты. Ал Халықаралық экология академиясының президенті Мұсағали Дуамбековтың айтуынша, бар мәселе негізгі отын – көмірдің сапасында жатыр.

Мұсағали Дуамбеков, Халықаралық экология академиясының президенті:

– Ауа өте лас. Денсаулыққа зиян. Негізгі отын көмір ғой. Арғы жылдары Шұбаркөлдің жақсы көмірін жағатын, күлі өте аз. Кейінгі жылдары Майқұба, Екібастұздың сапасыз күлін пайдаланып жатыр. Сондықтан ауада қалып қалады. Ары бері жылжымайды. Оның үстіне гидрометтің мәліметі бойынша желдің әсері 15-20 процентке азайған.

Белгілі болғандай, қаладағы жылу электр орталығының бірінші және екінші стансаларында күніне 10-12 мың тонна немесе 210-250 вагон көмір жағылады екен. Стансалар әу баста Екібастұз көміріне арналып салынғандықтан, қазандықтар мен турбиналарды көмірдің өзге түріне ыңғайластыру мүмкін емес. «Кері жағдайда, орталық жұмысында техникалық ақаулар пайда болуы мүмкін», – дейді «Астана-Энергия» басқармасының төрағасы Еркеғали Есенжолов.

Еркеғали Есенжолов, «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасы:

– Бұл жылыжай әсері, түтін деуге келмес. Оның өзінде, озон қабатынан жоғары көтеріліп, қаладан 7-10 шақырым қашықтыққа шығарылады. Мұның қаладағы тұмшаға еш әсері жоқ. Біз барлық қалдықты шығару нормаларын сақтап отырмыз. Мәселен, екінші стансамызда 7 қазандық бар. Бүгінде оның барлығында күкірт пен азот сынды зиянды заттар мен тозаңды сұйылтып сүзуге арналған эмульгаторлар мен фильтрлар орнатулы.

Өндірістік кәсіпорын ұсынған мәліметке сәйкес, бүгінде қалдық құрамындағы зиянды заттардың көлемі 30-40 процентке азайған. Жергілікті жылу электр орталығының 1-стансасынан шығатын қалдықтың жылдық мөлшері 7 мың тоннадан аспауы тиіс. Оны алдағы уақытта шамамен 6 мың тоннаға дейін қысқарту көзделген. Ал екінші стансаға бекітілген меже - 56 мың тонна. Ондағы жоспарлы мөлшерді 43 мың тоннаға азайту жоспарланып отыр.