Дәрігерлер базар қызметкерлерін тексеруден өткізді

0
649

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 1 - 3 тамыз аралығында базар қызметкерлері мен келушілер кешенді медициналық тексеруден өтті.


Дәрігерлер базар қызметкерлерін тексеруден өткізді

ERNUR.KZ. Алматының Жетісу ауданындағы үш базарда дәрігерлер 3 күн бойы мұндағы қызметкерлер мен келушілерді кешенді алдын алу шараларынан өткізді, деп жазады baq.kz.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша 1 - 3 тамыз аралығында «Байсат», «Сәлем» және «Алатау-1» базарларында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мұндағы қызметкерлер мен келушілер кешенді медициналық алдын алу шараларынан өтті.


"500 адам жалпы практика дәрігеріне қаралып, 37 адам ары қосымша қабылдауға жіберілді. 107 әйел онколог-маммолог дәрігеріне қаралып, 17-не УЗИ және маммографиялық тексеруден өту ұсынылды. 315 адамның көз қысымы тексеріліп, 11-інің патологиясы анықталды. 260 адам флюорографиялық тексеруден өтіп, 310 адамның қан қысымы тесерілді", - делінген таратылған ақпаратта.