Дәрігерлер денсаулыққа зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартыла ма

0
777

Бұл сұраққа Денсаулық сақтау министрі жауап берді.


Дәрігерлер денсаулыққа зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапқа тартыла ма

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі өткен айда Алматыда пациентінің қолынан қаза тапқан белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковтың ісіне қатысты әзірге тергеу жұмыстарының жалғасып жатқанын және бұл мәселеге қатысты өзге ақпараттың жоқтығын айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сәуірде болған қайғылы оқиғадан кейін министрлік дәрігерлердің құқығына қатысты заңға бірқатар өзгерістер енгізу туралы Парламентке ұсыныстарын әзірлеп жатқанын мәлімдеген болатын. Осы ретте ведомство басшысы ОКҚ-да өткен брифинг барысында заңға нақты қандай өзгерістер енгізілуі мүмкін екендігін айтты.

«Денсаулыққа зиян келтіргені үшін медицина қызметкерлері қылмыстық жауапкершіліктен босатылмайды. Бұл ретте декриминализация мәселесі қарастырылып жатыр. Яғни заңның кейбір нормаларына өзгерту енгізу арқылы жазаны жеңілдету мәселесі ұсынылады. Аталған заң жобасы бір ай ішінде Парламент Мәжілісіне енгізіледі», - деді Ажар Ғиният.