Дәрігерлерден зардап шеккен науқастарға өтемақы төленуі мүмкін

0
422

Мәжілісте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.


Дәрігерлерден зардап шеккен науқастарға өтемақы төленуі мүмкін

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық оқиға салдарынан зардап шеккен қазақстандықтарға өтемақы төленетін заң жобасын әзірледі. Ол үшін медицина қызметкерлері қызметіне міндетті сақтандыру енгізу ұсынылды, деп жазады tengrinews.kz.

Мәжілісте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырды.

"Емделушілерге келтірілген зиянды өтеуге мемлекет кепілдік берген құқықтарын жүзеге асыру үшін медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін міндетті сақтандыру жүйесін кезең кезеңімен енгізу қажет", - деді министр.
Оның айтуынша, жыл сайын елімізде медициналық қызметкерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 317-бабында көзделген қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 300-ге жуық іс қозғалады. Қылмыстық істер өлім қаупі бар хирург мамандарына қатысты жиі қозғалады.
"Жәбірленушілердің пайдасына келтірілген моральдық және материалдық залалды өтеудің жалпы сомасы 40 миллион теңгеден аса сома болады. Сақтандыру төлемдері сот шешімі бойынша сақтандыру полисі болған жағдайда жүзеге асырылады, қылмыстық жауапкершілік танылған жағдайда төленбейді.
Осылайша, медициналық оқиға болған жағдайда медицина қызметкері жалақысының деңгейі науқастың денсаулығына келтірілген зиянды өз бетімен өтеуге жетпейді", - деп түсіндірді Ғиният.

Министрлік жоспарына сәйкес, медициналық ұйымдардың өзі 2023 жылдан бастап жеке сақтандыру компанияларымен келісімшарт жасасады. 2025 жылдан бастап ынтымақтастық негізінде сақтандыруды медициналық ұйымдар мен медицина қызметкерлері бөліседі. Сақтандыру шарты бір жылға жасалады, оның ішінде сақтандыру компаниясы медициналық оқиғалар бойынша барлық төлемді өтейді.

Ажар Ғиният науқастың таңдауы болатынын түсіндірді. Медициналық ұйымның шешімімен және төлем мөлшерімен келіспесе, ол сотқа жүгіне алады. Сондай-ақ, ол жоспарланған өтемақы көлемін де жариялады.

"Денсаулық сақтау саласының әлеуметтік бағдарлануын ескере отырып, сақтандыру жүйесін енгізудің бастапқы кезеңінде сақтандырушының сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершілігінің шекті көлемін "көлік құралдары иелерінің АҚЖ міндетті сақтандыру туралы" заңға ұқсас анықтау ұсынылады. Пациенттің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян үшін:
  • өлім жағдайы – 1000 АЕК (2022 жылы 3 миллион 180 мың теңге - еск.);
  • бірінші топтағы мүгедектікті анықтау – 800 АЕК (2022 жылы 2 миллион 544 мың теңге - еск.);
  • екінші топ – 600 АЕК (2022 жылы 1 миллион 908 мың теңге - еск.);
  • үшінші топқа – 500 АЕК, "мүгедек балаға" – 500 АЕК (2022 жылы 1 миллион 590 мың теңге - еск.);
  • дене жарақаты немесе мүгедектік анықталмаған өзге де зиян келтіру – науқасты амбулаторлық немесе стационарлық емдеуге жұмсалған нақты шығындар мөлшерінде – 300 АЕК (2022 жылы 954 мың теңге - еск.)" – деп толықтырды Ғиният.